Көптік туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Көптік туралы мақал – мәтелдер

Көп қайда болса шындық сонда

Басыңа іс түссе бекке барма, көпке бар:

Бек беліңді сындырады, көп ісіңді тындырады.

Жақыны көп жасқанбас.

Жасықтың көбінен, асылдың азы артық,

Жер шетіне жүйрік жетпейді,
Көпке бұйрық жетпейді.

Көбікті төкпе, көпті сөкпе.

Көкті тіреуге болмайды,
Көпті мінеуге болмайды.

Көп адаспас, көл таусылмас.

Көп азға қылған зорлығын айтады,
Аз көптен көрген қорлығын айтады.

Көп алғысы көгертер.

Көп аузы дуалы.

«Көп біледі» деген күледі,
«Өзім білем» деген өледі.

Көп білсең де көптен артық білмейсің.

Көп біріксе ел болар,
Көп тілегі көл болар.


Көптік туралы мақал – мәтелдер мақал мәтелдер көпшілік көп қорқытады

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау