Білім, ғылым туралы мақал – мәтелдер
Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
Кітап – алтын қазына.
Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.
Кітап – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім.
Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан.
Кітап – қаймақ, білім – оймақ.
Кітап – оқығандікі, білім тоқығандікі.
Білім туралы мақал білім ғылым туралы мақал мәтелдер мақал мәтелдер
© Дереккөзі