Би, шешен туралы мақал – мәтелдер
Би болмасаң болма, би түсетін үй бол.
Айтысқан соң дау емес пе,
Алысқан соң жау емес пе.
Аталыдан би қойсаң
адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң
босамас аузы парадан (Бұқар жырау).
Аянбаған жауды алар
Абайлаған дауды алар.
Әділ бидің елін дау араламайды,
Әділ патшаның елін жау араламайды.
Би шешен туралы мақал мәтелдер билік туралы мақал шешендік шешендік жайлы мақал
© Дереккөзі