Батыр, ер туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Батыр, ер туралы мақал – мәтелдер

Батырды бәрекелді өлтіреді

Айлалы батыр алдырмас.

Алдында жатыр ақмарал, атып ал да олжалан.

Арпасыз ат қыр аса алмас,
Арқасыз батыр жау ала алмас.

Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы
Арыстандық етпей қоймас, ақсұңқар ауға шырмалғанмен
Ұясынан ұшқан балапан, сұңқарлық етпей қоймас.

Байы өлген қатынның беті жара,
Бағы тайған батырдың еті жара.


Батырлық туралы мақал ер жігіт батыр туралы мақал

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау