Келіндер жайлы мақал-мәтелдер
Келін жақсы болса немере тәтті
Әр елден келін келер,
Әр түрлі ырым етер.
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
Балаң жаман болса да
Келінің жақсы болсын.
Жақсы ауылға келген келін — келін,
Жаман ауылға келген келін — келсап.
Жақсы енені жаман келін жер қылады,
Жақсы келін жаман енені ел қылады.
Жақсы келін жақсы жеңгеден кем түспейді.
Жақсы келін — келін,
Жаман келін — өлім.
Жақсы келін құрдасыңдай болар,
Жақсы ұлың сырласыңдай болар.
Келін жайлы мақал мәтелдер мақал мәтелдер келін туралы мақал келіндер туралы мақал
© Дереккөзі