Бата туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Бата туралы мақал – мәтелдер

Баталы құлға бақ қонар

Азасыз бата — мазасыз.

Алғыс алған арымас,
Қарғыс алған жарымас.

Алғыс алған жігіттің, аты бәйгеден келеді.

Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.

Бата бұзған барқадыр қалады.

Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.


Бата туралы мақал мақал мәтелдер батамен ел көгерер

© Дереккөзі