Жол туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Жол туралы мақал – мәтелдер

Жолға шыққан жолдан табылар

Айналыс та болса жол жақсы,
Ақсақ та болса қыз жақсы.

Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды.

Алыс жолға шығар болсаң, алдымен жолдасыңды сайла.
Жаудың алдын алар болсаң, алдымен қолбасыңды сайла.

Алыс жүрсең де жолмен жүр.

Алыс сапар алғашқы кадамнан басталады.

Арқан бойы соқпақтың, тұсау бойы төтелігі бар.

Атар таңға жүрсең де батар күнге жүрме.

Ауыздың қайда екенін қол біледі,
Ауылдың қайда екенін жол біледі.

Ауыр жол атанды сынайды, Ауыр іс адамды сынайды.

Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.


Жол туралы мақал – мәтелдер мақал мәтелдер жол туралы мақал жолаушы

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: