Жамандық, жаман адам туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Жамандық, жаман адам туралы мақал – мәтелдер

Жаман адам төршіл

Айыратын жаман бар,
Қосатын жаран бар.

Алты жаман бір болса бір жақсыны иеді.

Арбадан үркіп жаман ат ер салдырмас жал бітсе.
Қасына қоңсы қондырмас қас жаманға әл бітсе (Есет би).

Баласын мақтар бас жаман,
Қатынын мақтар қас жаман.

Алыстағы дұшпаннан, аңдып жүрген дос жаман (Үмбетей).

Барын ішпейтін сараң бар,
Жасырып ішетін арам бар.


Жаман адам туралы мақал мәтелдер жамандық жайлы мақал жаман адам жайлы мақал мәтелдер

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау