Бала туралы мақал – мәтелдер
Жақсы бала сүйік
Жаман бала күйік.
Адам болар ұлыңның арқа – басы кең келер.
Ана болар қызыңның ақыл – есі тең келер.
Адам болатын бала алысқа қарайды.
Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең — екі жылар.
Балажанды биелер құлындарын теппейді,
Балажанды адамды бала айналып кетпейді.
Бала жасындағысын ұмытпайды,
Таз басындағысын ұмытпайды.
Бала жетесіз болса ата – анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса ата – анасын елге қаратады.
Бала туралы мақал мақал мәтелдер бала жайлы мақал адам болатын бала
© Дереккөзі