Жақсылық, жақсы адам туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Жақсылық, жақсы адам туралы мақал – мәтелдер

Жақсы адам алысты жақын етер

Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жігіт баймен тең.

Шешен жігіт дүрмен тең,
Имансыз көңіл кірмен тең (Шал ақын).

Аққу — құстың төресі жалғыз жатып оттамас.
Қас жақсының белгісі қара сөзді қоштамас.

Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.

Аласаны атқа санама,
Жақсыны жатқа санама.

Асыл адамға өлім жоқ.

Асылдың сынығы, айдынның тұнығы.

Асыл масыл емес.

Асыл туған адамның алтын жетпес нарқы бар.
Жақсы менен жаманның аспан мен жердей парқы бар.


Жақсылық жайлы мақал жақсылық жасау жақсы адам туралы мақал мәтелдер мақал мәтелдер

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау