Ауыл туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Ауыл туралы мақал – мәтелдер

Айтысқан ауыл болмас,
Болыспаған бауыр болмас.

Алыс деп ауылыңа бармаймысың.

Ауыл аймағымен, бота тайлағымен.

Ауыл болсаң — қауым бол.

Ауылға айтсаң — асар,
Көршіге айтсаң — қосар.

Ауылға барсаң қона бар,
Қамысты көлде сона бар.

Ауылға жақындағанда ит озады.


Ауыл туралы мақал – мәтелдер ауыл аймақ

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау