Ақымақ, ақылсыз туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Ақымақ, ақылсыз туралы мақал – мәтелдер

Ақымақ жауынды күні суға түсер

Азаматқа — парасат, ақылсызға — ағаш ат.

Ақылсыз адам айқай келеді, жан – жағын жайпай келеді.
Ақылды адам жай – жай келеді, жан – жағын байқай келеді.

Ақылсыз адам менмен келер,
Ақылды адам кеңінен келер.

Ақылсыз айтпасаң білмес, ашпасаң көрмес.

Ақылсыз ақылсызды табар.

Ақылсыз атқа мінсе атасын басып кете жаздайды.

Ақылсыз – ашушаң, ашушаң — ақылсыз.

Ақылсыз бас аяққа тыным бермейді,
Ақымақ айғыр саяққа тыным бермейді.


Ақымақтың туралы мақал мәтел ақылсыз туралы мақал ақымақтық

© Дереккөзі