Әділдік, шындық, қанағат – рақым туралы ұлағатты сөздер | Qazbrand.info

Әділдік, шындық, қанағат – рақым туралы

Әділдіктің белгісі – біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі – өткен істі қумаса.
Асан қайғы

Би – түзу, билік – әділ болсын!
Әлихан Бөкейханов

Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.
Әлихан Бөкейханов

Әділет тілесе – атаңның болсын айыбын айт.
Мұхтар Әуезов

Ақиқат – адал айтыстан туады.
Шерхан Мұртаза

Шындықты ақтарыла айту – қиынның қиыны.
Шерхан Мұртаза

Шындық – ащы һәм ажарсыз.
Шерхан Мұртаза

Әділ биі болмаса – бірлігі кеткен ел ғаріп,
Қадірін елі білмесе – қайратты туған ер ғаріп.
Би – шешендер

Әділ би әділдігін айтар – сары табақтан сарқыт қайтар.
Би – шешендер

Әділ деп соны айтыңыз – тураны қыйсық бұрмаса.
Би – шешендер

Шағырмақ бұлт – жай тастар, әділ жігіт – ел бастар.
Шалкиіз Тіленшеұлы

Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!
Төле би Әлібекұлы

Туралық – хақтың мейірі.
Сайф Сарайи

Пайдасыз шындықтан – пайдалы өтірік артық.
Сайф Сарайи

Ізгілік пен әділдік өлмейді.
Сайф Сарайи

Хан әділ болса – халық ынтымақты болады.
Майқы би

Шыншылдық адалдықпен ағзалас.
Әбу Насыр әл – Фараби

Қара қылды қақ жарған – жақсылардың белгісі.
Әйтеке Байбекұлы

Өтірік пен шынның арасы – төрт – ақ елі.
Жиренше шешен

Көзбен көрген – шын, құлақпен естіген – өтірік.
Жиренше шешен

Әділ сөз ащы көрінер.
Жүсіп Баласағұн

Әділ заң – тірегің.
Жүсіп Баласағұн

Әділдік жолын өзің аш.
Жүсіп Баласағұн

Әділдік әкімдіктен де күшті.
Жүсіп Баласағұн

Әділ сөйлеп, адал жүр.
Қожа Ахмет Иассауи

Ақиқат қашан да аңғал келеді.
Олжас Сүлейменов

Ақиқатты себеп – салдар жолымен түсіндіру – Лейбництің ойлап тапқан амалы. Соған орай тәжірибеден салдарды иланымды деңгейге жеткізуге қажет себеп теріліп алынады.
Олжас Сүлейменов

Қанағат – рақым туралы

Арғымағың жамандап – тұлпар қайдан табарсың,
Тұйғыныңды жамандап – сұңқар қайдан табарсың.
Асан қайғы

Көлдің суын жамандап – Еділ қайдан табарсың,
Әкіміңді жамандап – әділ қайдан табарсың,
Өз барыңды жамандап – асыл қайдан табарсың.
Асан қайғы

Ақ тоныңды жамандап – атлас қайдан табарсың,
Өз басыңды зорайтып – теңдес қайдан табарсың.
Асан қайғы

Мақал – мәтел
Қайғысыз қара суға семірер.

Елің жүрсін есіңде – мал мен баққа есірме,
Мал мен баққа есірсең – кез боларсың кесірге.

Би – шешендер

Өлгеніңше – тою жоқ, түңілмей – ырза болу жоқ.
Шортанбай Қанайұлы

Қолдағыға қанағат – шүкір қылмасаң,
Болады бар да – арманда, жоқ та – арманда.
Сүйінбай Аронұлы

Кілеміңе қарай көсіл.
Құтып

Ішер судың да шамасы бар: артық – зиян.
Құтып

Шам маймен жанады: көп май құйсаң өшіп қалады.
Құтып

Қайран менің өз үйім – кең сарайдай боз үйім.
Жиренше шешен

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы


Ұлағатты сөздер нақыл сөздер әділдік шындық қанағат – рақым туралы ұлағатты сөздер қанағат рақым қанағат рақым

© Дереккөзі