Ақша туралы мақал – мәтелдер | Qazbrand.info

Ақша туралы мақал – мәтелдер

Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
***
Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
***
Теңге тиыннан,
Ынтымақ ұйымнан.
***
Базар ақшалыға базар,
Ақшасызға назар.
***
Ар – намысы таза адамның ақшасы аз болады.
***
Әкесінің ақшасына үйленген,
Әйелінің қадірін білмейді.
***
Ақша ашпайтын құлып жоқ.
***
Ақшада көз жоқ.
***
Теңге – тиыннан, тұлпар – құлыннан.
***
Есепсіздің есесі кетеді.
***
Теңге – тиыннан,
Ынтымақ – ұйымнан.
***
Сом алтынды басып отыру үшін де көтен керек.
***
Бір теңге бие болмайды, Екі теңге түйе болмайды.
***
Кедейге қарыз бер де, амандығын тіле.
***
Қарыз қатынас бұзады.
***
Ақшаның жайын жарлыдан сұра,
Адамның жайын арлыдан сұра.
***
Қарыз, қарызды беру – парыз.
***
Жалақордан қарыз алсаң, Әкесінің құнын сұрар.
***
Несиеге ет жесең, Сүйегі ішіңді жыртар.


Ақша туралы мақал мәтелдер мақал мәтел ақша жайлы мақал мақал мәтелдер теңге туралы мақал мәтелдер

© Дереккөзі