Әзіл жұмбақтар жауабымен 2 | Qazbrand.info

Бір бөлмеде 9 свеча жанып тұр, үшеуін сөндірсек қаншауы қалады?
 ЖауабыЖауабы: Үшеуі қалады, қалғандары жанып, таусылып жоқ болады
Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?
 ЖауабыЖауабы: “а” әрпі
Машинаның жылдамдығы қай кезде ұшақтікіне жетеді?
 ЖауабыЖауабы: Ұшаққа салынған кезінде
Үйдің ең суық жері?
 ЖауабыЖауабы: Сырты
Электровоздың түтіні батысқа қарай созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай жүріп жатыр?
 ЖауабыЖауабы: Электровоздың түтіні болмайды
Бір патша уәзіріне зынданнан бір тұтқынды алғызыпты. Тұтқынға өлім жазасын таңдау құқығын өзіне береді, бір тауық беріп, “осы тауықты қалай өлтірсең, сені де солай өлтіреміз” депті. Тұтқын тауықты өлтіргеннен кейін патша оны босатыпты? Патша тұтқынды неліктен босатқан?
 ЖауабыЖауабы: Тұтқын тауықтың басын аузына салып, тістеп жұлып алады. Ал тұтқынның басы патшаның аузына симайтын болғандықтан патша тұтқынды босатып жібереді.
Машинаның қай дөңгелегі айналмайды?
 ЖауабыЖауабы: Запастағы дөңгелек
Үш үйрек қатар тізіп ұшып келеді екен. Бірінші үйрек “Менің артымда екі үйрек бар” депті. Екінші үйрек “менің артымда бір үйрек бар” депті. Үшінші үйрек “Менің артымда үш үйрек бар” депті. Бұл қалай болғаны?
 ЖауабыЖауабы: Үшінші үйрек өтірік айтқан
Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?
 ЖауабыЖауабы: Алма ағашында
Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада?
 ЖауабыЖауабы: Талдықорғанда
Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім?
 ЖауабыЖауабы: Басы ең үлкен адам
Қай сұраққа болымды жауап берілмейді?
 ЖауабыЖауабы: Ұйықтап жатсың ба?
Есікті ашу үшін не қажет?
 ЖауабыЖауабы: Есіктің жабық болуы қажет
Теңіздің ортасында не бар?
 ЖауабыЖауабы: “ң” әрпі
Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады?
 ЖауабыЖауабы:Үсті су болып шығады
Бір кісі төсегінің айналасында жүгіріп жүр екен, себебі не?
 ЖауабыЖауабы:Ұйқысы қашып, соны қуып жүр екен
Балықтар неліктен сөйлемейді?
 ЖауабыЖауабы: Су жұтып қоймау үшін
Ненің көлеңкесі жоқ?
 ЖауабыЖауабы: Көлеңкенің
Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар?
 ЖауабыЖауабы: мен
Алфавиттің ең соңғы әрпі?
 ЖауабыЖауабы: «т» әрпі
Саңырауқұлақтар неліктен зонтқа ұқсайды?
 ЖауабыЖауабы: Жаңбыр астында өскендіктен
Теңіздің суы неліктен тұзды?
 ЖауабыЖауабы: Балықтар иістеніп кетпеуі үшін
Алма жегенде ішінен құрт көруден де жаман не болуы мүмкін?
 ЖауабыЖауабы: Құрттың жартысын көру
Дереккөзі: balalaralemi.kz


Әзіл жұмбақтар жауабымен жұмбақтар әлемі қазақша жұмбақтар әзіл жұмбақтар жауаптарымен жұмбақ жұмбақтар әзіл жұмбақ жауабымен әзіл жұмбақтар әзіл оспақ жұмбақтар

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау