Жұмбақтар жауабымен: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар
1. Өзі қу, жүрген жері айқай да шу ЖауабыЖауабы: түлкі
2. Орманда кезеді,
Қорбаңдап жүреді ЖауабыЖауабы: аю
3. Ауыр ағашты тасуға ұста,
Тұмсығы ұзын, құйрығы қысқа ЖауабыЖауабы: піл
4. Көп қой көрсем
Шетінен
Бауыздарға құмармын. ЖауабыЖауабы: қасқыр
5. Ұзын құлақ,
Қыли, жырық ерін
Тез жүгірер ЖауабыЖауабы: қоян
Үй жануарлары
1. Кезікті бір жануар,
Арқасында тауы бар ЖауабыЖауабы: түйе
2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар ЖауабыЖауабы: қой
3. Қос мүйізді, төрт сирақты,
Сыйлайды балдай ақ бұлақ. ЖауабыЖауабы: Сиыр
4. Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды. ЖауабыЖауабы: Ешкі
Жұмбақтар үй жануарлары туралы жұмабақтар жабайы жануарлар туралы жұмбақтар жұмбақтар жауабымен
© Дереккөзі