Сыпайылық туралы мақал-мәтелдер
Сыпайылық жоқ жерде,
Сыйласу да жоқ.
***
Сыпайы тоңбай қалтырайды.
***
Сыпайының алдында сүйек жатсын.
***
Сыпайы сырын жасырмас,
Пұшық мұрнын жасырмас.
***
Сыпайы сырын жасырмас,
Ақырын ғана бүлк етер.
***
Сыпайыны үйде көрме, түзде көр.
***
Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді.
***
Иманмен қаптап қойғандай.
***
Денесі икемдінің келбеті сүйкімді.
***
Сұлуынан жылуы.
***
Кішіпейілділік — кісі көркі.
***
Кішіпейілділіктен кішіреймейсің.
***
Кішіпейілділік – кішілік емес, кісілік.
***
Кішіпейілдің кеудесі ашық.
***
Арғымаққа оқ тисе,
Мәстектей туламас.
Сыпайыға оқ тисе,
Жамандай шуламас.
***
Сыпайыға сұлулықтан әсемдік жарасымды.
***
Келбеті келіскеннен кеңес сұра.
***
Сыпайы жаурамайды, дірілдейді,
Өзгеге тоңғаны білінбейді.
***
Сыпайы сырын білдірмес.
***
Сыпайы сырттан мақтар.
***
Сыпайының қарағаны – сұрағаны.
***
Сыпайыға өлім бар да, қорлық жоқ.
***
Сыпайының сыры мол.
Мақал мәтелдер сыпайылық туралы мақал мақал мәтел сыпайылық сыпайыгершілік
© Дереккөзі