Мақал – мәтел: Сыйластық
«Сіз» дегеннен не кетеді,
«Сен» дегеннен не бітеді?
***
Мың «сіз, бізден» бір шыж – быж артық.
***
Сыйласқанның итіне кет дегенің,
Өзіне кет дегенің.
***
Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
Әркім сыйлағанның құлы.
Жақсы сөзіңді сыйлар.
***
Жақсы – сыйлағанының құлы,
Жаман – қорыққанының құлы.
***
Тіріде сыйласпаған өлгенде жыласпайды.
***
Ел сыйлаған есікте отырмас.
***
Таныған жерде бай сыйлы,
Танымаған жерде тон сыйлы.
***
Жаман қорыққанын сыйлайды.
***
Жақсыны сыйласаң, есіңнен кетпейді,
Жаманды сыйласаң, есігіңнен кетпейді.
***
Екі кісі сыйласса,
Бір кісіге орын бар.
***
Сәлеміне қарай жауабы.
***
«Қарағым» деген жылы сөз,
Тон болып тәнді жылытпаса да, жанды жылытады.
***
Қиналып сұрағанға берсең,
Өзіңді сыйлағаның;
Әншейін сұрағанға берсең,
Өзіңді қорлағаның.
***
Ізеттінің інісі көп.
***
Үлкенді сыйлау – кісілік.
***
Сый – жеңгендікі, сөз – тергендікі.
***
Ерді асы үшін сыйлама,
Басы үшін сыйла.
***
Сынасуға жараған сыйласуға да жарайды.
***
Қызығын көрмеген малдан не пайда,
Сыйласып жүрмеген жаннан не пайда?
***
Танымас, танымасын сыйламас.
***
Бір күн дәм – тұзын татқанға қырық күн сәлем.
***
Сәлемнің де сәті бар.
***
Қырандарын қинаған,
Даласын да сыйламас.
Ұландарын қинаған,
Данасын да сыйламас.
***
Өзіңді өзің сыйламасаң,
Өзгеден сый күтпе.
***
Елді сыйлағаның – өзіңді сыйлағаның.
Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды;
Кішіні сен сыйласаң,
Кісі сені сыйлайды.
***
Туғаныңмен сыйласпасаң,
Кең дүниеге сыймассың.
***
Жақыныңды жаттай сыйла,
Жат жанынан түңілсін.
Ауыл сыйласа, сен де сыйла,
Әкеңнен қалған құл емес.
Ауыл сыйламаса, сен де сыйлама,
Ол патшаның ұлы емес.
***
Атымды ата да, сыбағамды итке сал.
***
Сыйлап берген су
Сатып алған балдан тәтті.
***
Сәлемсіз кісі жоқ.
***
Сәлем де парыз, өлік те парыз.
***
Қадіріңді білгенге жұмса.
«Ар ма?» деген – әлге қуат,
«Бар бол!» деген – бәріне зият.
***
Үлкенге сәлем бер,
Кішіге қалам бер.
Көпті сыйлағаның – өзіңді сыйлағаның.
***
Сыйлассаң – сыйлы боласың.
***
Үйсіз күй болмайды,
Күйсіз сый болмайды.
***
Сыйлап берсе, су да іш.
***
Сүйген құлдың аты көп.
***
Сұрап алған сыйлықтың қадірі жоқ.
Сыйлағанды сыйла, иілмегенді иле.
***
Ине де – сыйлық,
Інген де – сыйлық.
***
Сыйлай берсең, сараң да мырза болады.
***
Ел болам десең, сыйлас,
Қор болам десең, қастас.
***
Сиыр сипағанды білмейді,
Жаман сыйлағанды білмейді.
***
Сиырға су көрсетпе,
Жаманға сый көрсетпе.
***
Киген тоның ескірер,
Кидіргенің ескірмес.
***
Сыйласаң ата – анаңды,
Кешірер сенің қатеңді.
***
Сыйға – сый, сыраға – бал.
Сый қылсаң, сыпыра қыл.
***
Сыйласқанның суын іш.
***
Сыйлап берген су тәтті.
Сый сатулы, қаза қарулы.
***
Сыйласқанға не жетсін,
Сөйлескеннен не кетсін?
«Сіз» деген – сыйластық,
«Сен» деген – анайылық.
«Сіз» деген – әдеп,
«Біз» деген – кемек.
***
Алғыс алған тек те емес,
Қарғыс алған көктемес.
***
Басыңды сыйлама, жасыңды сыйла.
***
Мәртебең биік болса,
Алыстан көреді.
Жақының да, жатың да,
Иіліп сәлем береді.
***
Сыпайы сөйлеу — сырбаздық,
Ағайын сәні – сыйластық.
Силастық туралы мақал мақал мәтелдер силағанның құлы бол үлкенді сыйлау кісілік әдептілік сыйластық туралы мақал
© Дереккөзі