Жұмбақтар | Qazbrand.info

Жұмбақтар
Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән – маңызының артып отырғандығында.
Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер, т. б. Сияқты ұсақ жанрлар деп аталғанымен, жұмбақтар – халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы.
Жұмбақтар балалардың байқағыштық, зеректік қасиетін дамытып, ақыл – ойын арттырады, көрген – білген нәрселердің бәріне ой жүгіртіп, өзгешелігін, ұқсастығын танып ізденушілікке үйретеді және ойды жинақы, ықшам айту шеберлігін жетілдіреді.

Құстар туралы жұмбақтар
Қоңыр мамық шапаны,
Жұқа жарғақ табаны.
Өр кеудесі қайқандап,
Жүретін кім байпаңдап?
 ЖауабыҚаз
Үлпілдеген жүні бар,
Бояудың мың түрі бар,
Қауырсыны құбылар.
Қара доғал еңкиген,
Тұмсығы бар дөңкиген.
Қара мына ғажапқа,
Өзі шебер мазаққа.
Таңдандырып өзіңді,
Қайталар кім сөзіңді?
 ЖауабыТоты
Сирағы ұқсас қамысқа,
Мойыны имек сорайған,
Қауқиған кім алыста
Қарақшыдай қарайған?
 ЖауабыТырна
Айдыннан шалқыған
Телпек көрдім қалқыған.
 ЖауабыҮйрек
Бақ та, бау да, орман да,
Естіртіп үнін бар маңға,
Жұрт тыңдайтын тамсанып,
Сан құбылтып ән салып,
Жататұғын бір тынбай,
Құсты аташы құртымдай?
 ЖауабыБұлбұл
Қанат қағып шарықтап,
Мұхит асыпқалықтап,
Шарлап бүкіл әлемді,
Шаттандырып әр елді
Бейбіт күнге сән болған,
Бұл қандай құс ән болған?
 ЖауабыКөгершін
Суылдатып қанатын,
Жемін көрсе құлдилап,
Кеудесімен соғатын,
Тұяғымен ілетін,
Кім бар кәне, балалар,
Ұшқыр құсты білетін?
 ЖауабыЛашын
Тырнағы үшкір діңгектей,
Тұмсығы имек ілгектей,
Қанатын жайып шүйілсе,
Аң – құс қалар бүлк етпей.
 ЖауабыБүркіт
Құс көрдім тырна сияқты,
Сидиған ұзын сирақты.
Шалшықтан бақа ұстауға
Қимылы ерен, ширақты.
 ЖауабыЛәйлек
Тұмсығымен қашайды,
Дімкес діңді теседі.
Зиянкесті асайды,
Ағаш таза өседі.
 ЖауабыТоқылдақ
Шекесінде айдры
Болғанмен, жоқ айбары.
Балапанмен, жоқ айбары.
Балапанын бақпайды
Үй – жайында жатпайды.
Өзінің аты тек айтары қайталап,
Мұны кім, кәне айта алады?
 Жауабы Көкек
Таусылмайтын жылуы,
Көлдің ерке сұлуы.
 ЖауабыАққу
Ит қуса да арсаңдап,
Аяғын басар алшаңдап.
 ЖауабыҚаз
Кешінде де
Керек емес жарық бір,
Неге десең,
Екі көзі жайнап тұр.
 ЖауабыҮкі
Тал басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді.
 ЖауабыҚараторғай
Сөйлесе – сөзді,
Айтса – ауызды.
Тынысы басқа,
Маңдайы қасқа.
 ЖауабыТотықұс
Көк жүзінде жылжып жай,
Керуен құрған түзіліп,
Ілгек – ілгек шынжырдй,
Қалмайды олар үзіліп.
 ЖауабыТырна
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бал таңдайлы.
 ЖауабыБұлбұл
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйргі.
 ЖауабыҚарлығаш
Қызыл, бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар.
Ацық – ацық азан салып,
Өңеш керген айқайы бар.
 ЖауабыҚораз
Кеудесі қайқандап,
Жүреді балпаңдап.
 ЖауабыҚаз
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі.
 ЖауабыҚарлығаш
Әдемі бір ырғақ
аспаннан шалқып тұр.
 ЖауабыБозторғай
Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегі,
Шабақ іліп жүреді.
 ЖауабыШағала
Қалқан құлақ,
Қанаты бар шатырдай.
Жардан жырақ,
Түнде ұшады батырдай.
 ЖауабыЖарқанат
Секектеп бір тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды.
 ЖауабыСауысқан
Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып – қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там – тұмдап.
 ЖауабыҚарға
Айдары шағын,
Қаракүрең сауыры
Аппақ қардай бауыры.
 ЖауабыҚызғыш
Бояуы сан түрлі,
Түрі ұқсас тауыққа.
(Бұлдырық)
Қауырсыны көгілдір,
Кішкене құс.
Беткейде өріп жүр.
 Жауабы Кекілік

Жануарлар туралы жұмбақтар

Журетұғын әрдайым
Жануар мұндай қайда бар?
Ішкен суын әрдайым
Ақ сүт етіп қайтарар.
 ЖауабыСиыр
Ұзын құйрық есік ашты,
Қара домалақ тура қашты.
(Түйе, құмалақ)  ЖауабыТүйе, құмалақ
Орманнан, жалпақ даладан
Бал іздеп бір аң жортады.
Кіп – кішкентай арадан
Үп – үлкен боп қорқоды.
 ЖауабыАю
Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар.
 ЖауабыТүйе
Тікенді шөп тістеген,
Ұзақ күн су ішпеген
Таудай биік жоталы
Кім біледі… (ботаны)
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.
 ЖауабыҚоян
Құйрығы ұзын, тұмсығы қысқа
Бұл өзі аң ба, құс па?
 ЖауабыТүлкі
Мойыны тұтасқан,
Ауызы апан.
Жаны жуан,
Бұты талтақ.
 ЖауабыБегемот
Басы жалпақ,
Бұты талтақ.
 ЖауабыБақа
Түзде, таста,
Жөні басқа.
Сүйір тұмсық
Әрі қысқа келте сирақ,
Бес саусақ, басын жерден алмайды.
Терең ұя таңдайды.
 ЖауабыБорсық
Ойлан, балам, ол жануар,
Жеті қазынаның бірі болар.
 ЖауабыИт
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті – қолын жуады.
 ЖауабыМысық
Үй ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.
 ЖауабыТышқан
Мен жер асты тұрғынымын,
Жер қазушы, құрылысшы.
Қане, достар, айтындаршы
Бұл қандай жұмысшы?
 Жауабы Көртышқан
Қыс бойы жатады
Тәтті ұйқыға батады.
 ЖауабыАю
Жапырақ жоқ бұтасында,
Қос емен өсіп тұр бұтасында.
 ЖауабыБұғы
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар.
 ЖауабыЕшкі
Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
 ЖауабыҚой
Айбарлы сұсы бар,
Қанжардай сұсы бар.
Тұла бойында
Тасыған күші бар,
Күжірейген жалды,
Білсең айт бұл аңды?
 ЖауабыАрыстан
Қаймықпайды күшті аңнан
Қорқады тек тышқаннан.
 ЖауабыПіл
Тұрқы, түрі
Жылқы тектес жалы бар.
Шөп жеп түрлі
Түзде өскен жануар.
 ЖауабыҚұлын
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол қырны.
Оны сен де танып ал,
Серейіп кеп тұрады.
 ЖауабыКерік
Аузы бейне, шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ малды орады.
 ЖауабыҚасқыр
Өзіңе болған қорған – орман,
Ішінде бар, бір аң қорбаң – қорбаң.
 ЖауабыАю
Өзі қу, әрі айлакер,
Жүрген жері айқай да шу.
 ЖауабыТүлкі
Қолеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын «көжек» дейді.
 ЖауабыҚоян
Бұтадан бұтаға секірген
Кішкентай ғана шапшаң аң.
 ЖауабыТиін
Мүйізінен таралған,
Жанға шипа дәрі алған.
 Жауабы Марал
Есек емес,
Жылқы емес.
Екеуінің ұқсастығы
Береді тұрқы елес.
 Жауабы Құлан
Жақпар тастың өркешіне,
Секіреді құламай.
Қия құздың өр төсені,
Орғып шығар ол оңай.
 Жауабы Арқар
Жез бейнелі өзі,
Кең далаа еркесі,
Мөп – мөлдір көзі.
 Жауабы Киік
Түлкі ұқсас тұрқы,
Бір тоймайтын құлқы.
Аңдитыны тастан,
Құс пен тышқан.
 Жауабы Қабылан
Жер қопарған тісімен,
Сескенесің түсінен.
 Жауабы Қабан
Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап иенсін.
 Жауабы Кірпі


Жұмбақ жұмбақтар құстар туралы жұмбақтар жануарлар туралы жұмбақтар

© Дереккөзі