Ынтымақ – бірлік, татулық туралы | Qazbrand.info

Ынтымақ – бірлік, татулық туралы

Адамзат екі аяқты, сөйлейтін сөзді, ұятты болып өзге хайуаннан айырылады.
Әлихан Бөкейханов

Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт – махаббат жолына түсті!
Әлихан Бөкейханов

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпас болар.
Мұхтар Әуезов

Көршілестерім – рухани еншілестерім.
Мұзафар Әлімбаев

Табаны – бар да, бүрі – жоқ,
Зіркілі – бар да, зілі – жоқ.
Мұзафар Әлімбаев

Мақал – мәтел
Ырыс алды – ынтымақ.
***
Күннің көзі – ортақ, жақсының сөзі – артық.
***
Көппен көрген – ұлы той.
***
Өсер елдің баласы бірін – бірі батыр дер.
***
Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі келеді.
***
Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын.
***
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас.
***
Ат сатсаң – ауылыңмен.
***
Жауға барсаң – бәрің бар, дауға барсаң – бірің бар.
***
Кемедегінің жаны бір.
***
Туысы бірдің – уысы бір.
***
Үш ағайынды жігіттің – отарында малы бар, екі ағайынды жігітің – қотанында талы бар, жалғыз – жарым жігіттің – шығар – шықпас жаны бар.
***
Ізеттінің інісі көп.
***
ЬІнтымақ қайда болса – ырыс сонда барамын депті.
***
Ай – ортақ, күн – ортақ, жақсының аты – ортақ.
***
Ауыл болсаң – қауым бол: бірің – оған, бірің – бұған бол.
***
Бір кісі таққа отырса – қырық кісі атқа қонар.
***
Дегенде дүние шіркін өтер – кетер,
Түбіне сұм дүниенің кімдер жетер.
Қадір тұт, бір – біріңе құрмет көрсет,
Тірлікте сыйластыққа барма жетер.

Қара өлең
Жағаңа дұшпан қолы тимеске – артыңда туысқанның көбі игі.
Шалгиіз Тіленшеұлы

Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,
Бірлікті ойлау үшін тірлік керек.
Төле би Әлібекұлы

Бейбіт елде – сән бөлек, бүлінген елде – дау бөлек.
Төле би Әлібекұлы

Тауларды аласартпай – даланы биіктетейік.
Олжас Сүлейменов

Бірлік жоқ ала ауыз біз халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Міржақып Дулатов

Алтау ала болса – ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса – төбедегі келеді.
Майқы би

Бірлік түбі – береке.
Майқы би

Би екеу болса – дау төртеу болады.
Майқы би

Алақанмен күннің көзін жаба алмайсың.
Құтып

Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ.
Білге қаған

Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп.
Күлтегін

Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінен айырылады.
Күлтегін

Халқын жұтатпаған қаған бақытты.
Күлтегін

Тату болса – ағайын жақын,
Адал болса – дос жақын.
Қазыбек Келдібекұлы

Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.
Қазыбек Келдібекұлы

Төрімізден құт – береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Туырлыққа – ту іліп,
Қыннан қылыш суырып,
Көк найзаның ұшына күдері үкі таққан елміз!
Қазыбек Келдібекұлы
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
Ынтымақ – бірлік, татулық туралы жүктеу


Ынтымақ бірлік татулық Мұхтар Әуезов Шалгиіз Тіленшеұлы Майқы би Қазыбек Келдібекұлы ынтымақ пен бірлік туралы мақал

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау