Үй – іші, отбасы туралы мақал – мәтелдер №1 | Qazbrand.info

Үй – іші, отбасы туралы мақал – мәтелдер

Әйел – үйдің көркі,
Еркек – түздік көркі.

Еріншек қатынның
Етегі жыртық.
Ерке қатынның
Ерні тыртық.

Ерлі – байлы ұрысар да, керісер.
Көрісер де келісер.

Жақсы әйел
Жаман еркекті түзетеді.
Жаман әйел
Жақсы еркекті жүдетеді.

Жаман әйелдің мінезі қиық келер,
Сөзі сұйық келер.

Атасы жаман алғанын жамандайды,
Туысы жаман туғанын жамандайды.

Қатын қырық шырақты.

Үйді қырық еркек толтыра алмайды,
Бір әйел толтырады.

Қапқа түскен – қатындікі.

Келін – келін, келін – бақ,
Келмей жатып, сөзін бақ.

Долы қатын жылауық,
Сұғанақ қатын – сұрауық.

Жаман қатын алғаның
Жауы үйінде.
Екі қатын алғанның
Дауы үйінде.

Төркіні жақын қатынның
Төсегі жиылмайды.

Олақ қатын оймақшыл,
Салақ қатын сауықшыл.

Келіннің бетін кім бұрын ашса,
Сол ыстық.

Қапияда қатын ақыл табады.

Айлас қатын – мұңдас.

Қатын көп болса,
Шөмішті ит жалар.

Күндестің күні де күндес,
Күлі де күндес.

Бір қатын сылаумен қатын,
Бір қатын қынаумен қатын,
Бір қатын сынаумен қатын.

Астында атың болса,
Арғымақ не керек?
Жақсы қатының болса
Ұжмақ не керек?

От жақпаған үй – қорамен тең,
Кісі кірмеген үй – моламен тең.

Қатынның қоры – табашыл,
Еркектің қоры – тобашыл.

Қатыны жоқ,
Ханның қызын алам дейді.

Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт,
Алған жары жақсы болса, мың бақыт.

Жақсы жұбай – жарым бақыт.

Әйел сырын әйелден сұра.

Бұлттан шыққан күн ащы.
Жаман қатынның тілі ащы.

Бір үйде екі әйел болса – ойран,
Бір үйде екі сиыр болса – айран.

Көшерде жұрт жаман,
Айырыларда әйел жаман.

Салақ қатынның үйінен,
Сабақты ине табылмас.

Байсыз қатын – баусыз оймақ.


отбасы туралы мақал әйел туралы мақал жанұя туралы мақал Үй – іші отбасы туралы мақал – мәтелдер

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: