Әзіл жұмбақтар жауабымен | Qazbrand.info

Әзіл жұмбақтар жауабымен
Қайыңда 50 жаңғақ өсіп тұр. Қатты соққан желден 10 жаңғақ түсіп қалды. Қанша жаңғақ қалды?
 ЖауабыЖауабы: Қайын ағашында жаңғақ өспейді

Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне келгенде үсті – басы малмандай су, тек шашы су болмапты. Неліктен?
 ЖауабыЖауабы: Шашы жоқ

Төрт қызметші,
Бір патша.
 ЖауабыЖауабы: Үстел

Адам есектен неге құлайды?
 ЖауабыЖауабы: Адам есектен жерге құлайды.

Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг?
 ЖауабыЖауабы: 3 кг

Кең аймақты бір өзеннің арғы бетіне өтуі керек болған 117 адамдық әскери топ қиын жағдайда қалады. Сол мезетте қайық сүйреп келе жатқан екі баланы көреді. Бірақ қайықтың кішкентайлығы сонша, ол бір үлкен адамды немесе екі жас баланы ғана көтере алады.
Әскери топтың командирі әскерлерін осы қайықпен өзеннің арғы жағына алып өтеді, соңында балаларды қайықтарымен жағада қалдырады. Бұл үшін қайықпенен арғы жағаға неше рет барып келуі керек?
 ЖауабыЖауабы: 354 рет

9 қабатты ғимараттың 9 – шы қабатында бір бала тұрады екен. Бұл балаға досы қонаққа келе жатып, лифтке мініп 6 – қабатты басып, 6 – шы қабаттан түсіпті, қалған 3 қабатқа баспалдақпен жаяу көтеріліпті, не үшін?
 ЖауабыЖауабы: Бойы қысқа болғаны үшін. (одан жоғарыны басуға қолы жетпегені үшін)

Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?
 ЖауабыЖауабы: Есіміміз

Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
 ЖауабыЖауабы: Өмір

Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге?
 ЖауабыЖауабы: Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды екен.

Қай айда 28 күн бар?
 ЖауабыЖауабы: Барлық айда

Мені ешкім түсінбейді, неге?
 ЖауабыЖауабы: Өйткені ол ешкі ғой

Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір ұрттатады да «Егер осы сорпаның несі кем екенін тапсаң сені бостамын» дейді. Тұтқын патшаға сорпаның несі кем екенін айтып бостандыққа шығады. Сұрақ: сорпаның несі кем еді?
 ЖауабыЖауабы: Тұтқын сорпаны ұрттағанда бір ұрттамы кеміген еді. Соны айтып бостандыққа шығады.

Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не?
 ЖауабыЖауабы: Адам

Лимонның жартысы не болады?
 ЖауабыЖауабы: Лимбес

Король кімнің алдында тәжін шешеді?
 ЖауабыЖауабы: Шаштараздың

Суды елекпен қалай тасуға болады?
 ЖауабыЖауабы: мұз қылып қатырып

Аяқкиім жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті?
 ЖауабыЖауабы: Қырықаяқ

Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын келеді?
 ЖауабыЖауабы: Сөздікте

Итпен биттің айырмашылығы неде?
 ЖауабыЖауабы: Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің үстінде ит болмайды.

Құлақ не үшін керек?
 ЖауабыЖауабы: Көзілдірікті ұстап тұру үшін

Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?
 ЖауабыЖауабы: Ұзынағашта

Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр?
 ЖауабыЖауабы: Сіріңке


Әзіл жұмбақтар әзіл жұмбақ жауабымен әзіл оспақ жұмбақтар жұмбақтар

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау