Ақ жүрек болсын жолдасың,
Адалдық сені қорғасын.
Жақсылық үшін күрессең,
Жаныңды арың қорғасың.
Ағынды болсын шабысың,
Алымды болсын табысың,
Найзадай болсын намысың,
Ер жігітке бәрі сын.
Қиындық көрсең мұқалма,
Ауырлық көрсен жұқарма,
Қамқоршы бол кішіге,
Үлкенді үлгі тұт алға.
Әйгілі болып әлемге,
Күндей болып жарқыра.
Адалдық жолмен жүрдағы,
Жағымды бол халқыңа.
Бәйтеректей бүрлі бол,
Бәйшешектей бүрлі бол,
Қажымайтын қайратты бол,
Дұшпаныңа айбатты бол.
Жас ұрпақ ғұмырлы болсын,
Ата-анаға мейірлі болсын.
Қуанышты, көңілді болсын,
Еңбегі өнімді болсын.
Талабы тауға өрлесін,
Қауып-қатер төнбесін,
Халқына сенімді болсын
Абройы беделді болсын.
Алуан түрлі өнері болсын,
Табысы таудай кенелі болсын.
Сөзі өткір жүйелі болсын,
Халқының жан күйері болсын.
Елінің қамқор тірегі болсын
Не тілесе тілегі болсын.