Туылған күнге арналған тілектер | Qazbrand.info

Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.
Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.
Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл – қыздарыңның, туған – туыс, дос – жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!
***
Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әңгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып, саған жолдас бола алмайды мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен, ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.

Онсыз адам жүре алама тоқпақтар мен шоқсызда.
Ал сұлулық тілер ем мен, сұлусын сен онсыз да.
Қайтсем екен, мен одан да барлық адам аңсаған
Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған
Ал сан мыңы тегелесіп тамсанған,
Кез келгеннің уысына түспейтін, кез келгеннің бақшасында піспейтін
Зор МАХАББАТ тілейінші мен саған!

Бүгін сенің туылған күнің – төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып – қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен – ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
***
Саған айтар тілек
Таусылма ешқашан
Қиналсаң – төз
Жарыссаң – оз
Ойнасаң – ұт
Күрессең – жық
Ешкімді басынба
Басыңнан асырма
Табысқа тасыма
Намысқа жасыма
Ешкімді күн деме
Ешкімді тілдеме
Сөзіңнен танба
Қатарыңнан қалма
Біреуді даттама
Ешқашан кек сақтама
Біреуді сыртынан айдама
Өсекті тыңдама
Шынығып шыңдал
Жақсыдан үлгі ал!
***
Туған күнің құтты болсын,
Денсаулығың мықты болсын.
Әр таңың арайлап атып,
Өмірің мәңгі нұрға толсын!
***
Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.


Туылған күнге тілектер туылған күтің құтты болсын құттықтау тілектер

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау