Бір жас бар – 10 жас деген ойнақтаған | Qazbrand.info

Бір жас бар – 10 жас деген ойнақтаған,
Тай мініп, жабағыны ойнақтатқан.
Келген соң одан әрі – 15 жас бар,
Жастық шақ еш нәрсені ойлатпаған.

20 – да өз жүзіңді түзейсің ғой,
Шашыңды кейін қарай күзейсің ғой,
Үлгісін ағалардың көргеннен соң,
Ой – ойлап әр нәрсені жүдейсің – ғой.

30 – да, 30 – да үй иесі боласың – ғой,
Балаңды әлди қағып аласың – ғой,
Келген соң одан әрі – 35 жас,
Жігіттік қыдырыстан қаласың – ғой.

Бір жас бар – 40 деген – қылыш екен,
Мойныңды бір жұмысқа бұрыс екен,
Келген соң одан әрі – 45 жас,
Борышты болмағаның дұрыс екен.

Елуде ебің келмес еңкейгенмен,
Қыздарға қолың жетпес көркейгенмен.
Келген соң – 55 жас, 60 жасқа,
Шал болып ойнайсың ғой кемпірлермен.

70 – те жер таянбай тұра алмайсың,
Қолыңа таяқ алмай жүре алмайсың.
Балаң мен кемпіріңе тілің өтпей,
Әңгіме көп ішінде құра алмайсың.

80 – де шал боларсың селкілдеген,
Жел соқса желмен бірге үлпілдеген,
Балаң мен келініңе тілің өтпей,
Ренжісіп отырғаның кемпірменен.

90 – да шал боларсың томыртқадай,
Тастаған шала мұжып омыртқадай,
Өмірден өтеріңе сенгің келмес,
Дұшпанға жазатайым бергің келмес.
Жеткенде жасың 100 – ге, жаның тәтті,
Қойнына қара жердің кіргің келмес.


Туған күнге тілек тілектер туған күнге арналған

© Дереккөзі