Нағашыбек Қапалбекұлының батасы | Qazbrand.info

НАҒАШЫБЕК ҚАПАЛБЕКҰЛЫ
Ұлдарыңыз айбарлы болсын,
Қыздарыңыз жайдарлы болсын!
Үйлеріңе қызыр шалып,
Әманда қыдыр қонсын!

Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбайдай
Баһадұр батыр бабаларымыздың
Жүректілігін берсін!

Әз үйсін Төле би,
Қаз дауысты Қазыбек би,
Алшын Әйтеке бидей
Данагөй бабаларымыздың
Ақжарылған тілегін берсін!
Еш жамандық болмасын,
Ізгілік болсын жолдасың.
Жамбыл ата жасына жетіп,
Қарасай баба аруағы қолдасын!
Әумин!


Бата тілектер Нағашыбек Қапалбекұлы қазақтың бата тілектері

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау