Тұсаукесер батасы, баланың тұсауын кесерде айтылатын бата, тілектер. Баланың тұсауын кесуге арналған бата

Баланың тұсауын кесуге арналған бата

Кесілді, балам, тұсауың,
Жалтақтамай аяқ бас.
Биік болып ұшарың
Асқарлармен қанаттас.
Қасың құрар айла мың —
Қапылыста сурінбе.
Жалтан құшақ жайтанның
Пышағына ілінбе.

***

Тусаукесер батасы

Бакытбай Сеитов
Бір кадам, екі кадам жаса балам.
Келді гой енді міне жаска балам.
Омірде ар кадам кутты болсын,
Ешкімнін ала жібін баспа балам.Ала жібін жалганнын естік бугін
Кошакан тусауынды кестік бугін
Колды жай агайын бір кісідей,
Кутты кадам балага дестік бугін.

Кут кадам тілейміз булдіршінге
Екі басып,бір кулап кулдірсін де
Омірде куламасын дурыс журіп,
Халкына адал болып ар ісінде.

Тусау кесер апасы кутты болсын
Ботакан кадамын мыкты болсын
Тілеуі тустардын кабыл болып,
Анасы  бауырына жукті болсын.

***

ТҰСАУ КЕСЕР БАТАСЫ

О, халайық, қол жайып,
Той тілеуін қолдайық.
Мұсылманның заңдарын,
Барша ағайын қорғайық.

Тоқ ішек пен ала жіп,
Жасыл шөппен жарасып,
Үш түрменен кесейік,
Тұсауды біз санасып.

Тәй-тәй басып жүретін,
Қуаныш қылып күлетін,
Жүйрік болсын балаңыз,
Мыңнан озып жүретін.

Қамқор болып халқына,
Берік болсын антына.
Есейгенде қымбатты,
Сыйлы болсын жалпыға.

Бүлдіршінім танып ал,
Көп тлеуін қабыл ал,
Тіл мен көзден сақтасын,
Бойға тұмар тағып ал.

Қызықтарың халайық,
Той думан ғып тарайық,
Балақайым өссе екен,
Ел жұртына лайық.
Әмин, қабыл болсын!

Мырзаханның Ақылбайы 
Семей қаласы Мұқыр ауылы 
***

ТОЙ-ҚАЗЫНА КІТАБЫНАН ТҰСАУ КЕСЕРГЕ

Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асылардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.

***