Сейіт Кенжеахметұлының батасы | Qazbrand.info

Сейіт Кенжеахметұлының батасы
Айналайын, аттасым,
Талантың судай қаптасын,
Атағың Абайдай болсын,
Абыройың Абылайдай болсын,
Жүректі болсаң Қабанбай жебесін,
Білекті болсаң Бөгенбай жебесін.
Наурызбайдай батыр бол,
Бауыржандай батыл бол,
„Жалғыз болсаң Алланы есіңе ал,
Жарлы болсаң пайғамбарды есіңе ал,
Азамат бол, арлы бол,
Қатарыңның алды бол,
Біліміңмен әлді бол,
Халқың болсын тірегің,
Берік болсын білегің,
Қабыл болсын тілегің,
Жүз жыл соқсын жүрегің.
Дос – жараның сүйінсін.
Дұшпаның іштей күйінсін,
Басыңа бақыт құйылсын!
Әумин!


Бата тілектер Сейіт Кенжеахметұлының батасы

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: