Әбдірахман Өлмесқұлының батасы | Qazbrand.info

Әбдірахман Өлмесқұлының батасы
А, Құдайым, оңдасын,
Оңдағанның белгісі,
Қайырлы етіп басыңа
Бақ пен Қыдыр орнасын.
Душпаның үстем болмасын.
Әулие, аруақ көтеріп,
Ғайып Ерен, Қырық шілтен қолдасын.
Маңайың үбірлі – шүбірлі болсын.
Оларға және ғұмыр берсін,
Аузындағы сөзі дуалы болсын,
Тең құрбыларының алды болсын.
Келген Қыдыр кетпесін,
Жамандық келіп жетпесін.
Сапар жүрсең, жолың болсын,
Қалтаң толған пұлың болсын.
Жарылқасын қорғаушың,
Ғажайып әулиедей пірің болсын!
Үй – іші, бала – шағаң аман болсын,
Тынышты халқымызға заман болсын.
Табиғат таусылмайтын ризық берсін,
Тартылған дастарқанда тағам болсын.
Абырой, амандығың арта берсін,
Бақ – дәулет мал – жаныңа қоса берсін.
Ер жетіп, балаларың батыр болып,
Өмірлері қызықты бола берсін.
Үйіңе жақсы адамдар келе берсін.
Тауфықты, инабатты келін берсін.
Ақ көңіл, ата – анаға жақын болып,
Қызығын ел – жұрттың көре берсін!


Бата тілектер Әбдірахман Өлмесқұлының батасы бата жинағы баталар жинағы

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау