Бауыржан Момышұлының берген батасы | Qazbrand.info

Бауыржан Момышұлы
Иллаһи Құдая,
Тілегімізді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет.
Тозақтың отынан сақта,
Қаңғыған оқтан сақта,
Пaрақор соттан сақта,
Кірлі сумей жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек батылдан сақта,
Көк долы қатыннан сақта.
Адамды қадірлемес есерден сақта,
Нанды басқан кесірден сақта,
Татымсыз қызыңнан сақта,
Ұятсыз ұлыңнан сақта,
Қайырымсыз жекжаттан сақта,
Жалқау бала, тек жат тексізден сақта,
Түнере атқан таңнан сақта,
Жаңбырсыз шаңнан сақта,
Жастарында әдеп жоқ,
Өлгеніне бәтуа жоқ,
Құр айғай, шат – шәлекей даңнан сақта!
Әумин!


Бата баталар жинағы бата тілектер Бауыржан Момышұлының берген батасы

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау