Разыбек қажының батасы | Qazbrand.info

Разыбек қажының батасы
Дүниеде кем болмайды баталы құл,
Шашайын батаменен жемісті гүл.
Қосылған теңін тауып балалардың
Әуелі жасын үзақ бақытты қыл.
Қаптаған қара ормандай шоғырлы қыл
Әр іске асықпайтын сабырлы қыл.
Алдында ақсақалдың абыройлы
Өзінен кейінгіге қадірлі қыл.
Сөйлесе айтар сөзін жүйелі қыл,
Қалдырмай қатарынан киелі қыл.
Тілегін екі жастың қабыл етіп,
Ат мініп, жүгін артар түйелі қыл.


Бата тілектер баталар жинағы Разыбек қажының батасы

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау