Керей Тоқсан бидің батасы | Qazbrand.info

КЕРЕЙ ТОҚСАН БИДІҢ БАТАСЫ
Қарада Қазыбектей бақытты бол,
Ақсүйек Ахметтей тақытты бол!
Жаппаста Жарасбайдай түйелі бол,
Қыпшақта Кенебайдай биелі бол.
Керейде Жәнібектей ақшалы бол,
Бұғының мүйізіндей шақшалы бол.
Нәсілің Құрайыштың ғибласындай,
Қожахмет Йассауидей киелі бол.
Сері Ғалы арыстандай балалы бол„
Бір түнде бес жүз намаз ада қылған,
Шапатлы Батимадай аналы бол.
Шақшақта Қазыбектей аталы бол,
Ұлы жүз Сәуенедей баталы бол.
Абылайдан кем болмасын
Жұмсаған Апатауға сансыз мың қол.
Тәуфікте төрт ғиблан түгел болсын,
«Әумин» деп, қолыңды жай, айтарым сол.
Болғанда тағам сізден, ыкдас бізден,
Енді қандай тілейсіз бата бізден?!
Әумин!


Бата тілектер Керей Тоқсан бидің батасы баталар жинағы

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау