Қанжығалы Асаубайдың батасы | Qazbrand.info

Қанжығалы Асаубайдың батасы
Көтер білекті,
Берсін тілекті.
Әуелі қудай оңдасын,
Әжді – әулие қолдасын.
Қызыр менен Қырық шілтен,
Пірің болсын – жолдасың.
Аса да жұртқа барғанда,
Қадірлі болсын өз басың.
Сегіз інген боталап,
Сексен саулық қоздасын.
Сегіз келін қоңдасын,
Сені көздеген душпанды
Бір Алла өзі жондасын.
Дәрежең аса берсін,
Дұшпаның саса берсін.
Сені көздеген дұшпанды
Пәлекет баса берсін!
Аллаң жар болсын!
Фатихам қабыл болсын.
Кеткенің келіп,
Кемтігің толсын!
Әумин!


Бата тілектер бата жинағы қолдау

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: