Бауыржан Момышұлына әкесінің берген батасы | Qazbrand.info

Бауыржан Момышұлына әкесінің берген батасы
Ақ жүрек болып жолдасың,
Адалдық сені қолдасын.
Жақсылық үшін тірессең,
Жаныңды арың қорғасын.
Арынды болсын шабысың,
Алымды болсын табысың,
Найзадай болсын намысың.
Ер жігітке бәрі сын.
Қиындық көрсең, мұқалма,
Ауырлық көрсең жұқарма,
Қамқоршы бол кішіге
Үлкенді үлгі тұт, аға!
Әумин!


Бауыржан Момышұлына әкесінің берген батасы бата жинағы бата тілектер

© Дереккөзі