Тойда берілетін бата. Көкен Шәкеев | Qazbrand.info

Көкен Шәкеевтің берген батасы
… Осы тойда отырған,
Жасың үлкен аға бар.
Ағаға берер баға бар,
Ағаға серік жеңге бар –
Жеңгесіз күн кемге пар.
Ел басқарар дана бар
Әділ болса пана бар.
Нешік түрлі маман бар,
Әкең де бар, шешең де бар.
Жездең де бар, апаң бар –
Қабағы түссе қатаң бар.
Балдызың бар, інің бар,
Інісіз қандай үнің бар.
Қарындасың, құрбың бар –
Сән – салтанат құрдыңдар.
Барлығына иіліп
Сәлем беріп тұрдыңдар.
Уа, екі жас, екі жас,
Сізге тілек ықылас:
Бақыт қонсын басыңа
Өле – өлгенше арылмас,
Мінез берсін тарынбас,
Өкпе берсін қабынбас,
Жүрек берсін жарылмас
Тыныс берсін тарылмас,
Денсаулық берсін табылмас.
Бейбітшілік күн берсін,
Ата – анаңды сағынбас!
Әумин!


Тойға арналған бата тілек бата тілектер жинағы Көкен Шәкеев Тойда берілетін бата

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау