Сарыбай бидің Жамбылға берген батасы | Qazbrand.info

САРЫБАЙ БИДІҢ ЖАМБЫЛҒА БЕРГЕН БАТАСЫ
Ау, Жамбыл, бата сұрап келіп қапсың,
Қобыз тастап, қолыңа домбыра апсың
Өлеңіңнің арасынан қыл өтпесін,
Алдыңнан інжу – маржан өзен ақсын.
Жамбыл – ау, Екей елі – өлең деген,
Жел сөзге әрбір қазақ елеңдеген.
Көзінде – от, көкірегіңде жырың тұнық
Түбінде ақын шығад сенен кенен.
Екейдің аты шыққан өлеңменен,
Ірі ақын мойны озық көрем сенен,
Сүйінбайдың сөзін жалғар – алтын көмбе,
Батамды түбі саған берем деген.

***
Ер бол!
Елдің өзегі бол!
Ел – жұрттың жүрегі бол!
Көпті ойлар тірегі бол!

Көпшілікпен көбейесің
Арқа сүйер, білегі бол!
Жұртым десең жарылқасын
Менің берер тілегім сол!


Сарыбай бидің Жамбылға берген батасы бата тілектер баталар жинағы

© Дереккөзі