Сүйінбай ақынның Жамбылға берген батасы | Qazbrand.info

СҮЙІНБАЙ АҚЫННЫҢ ЖАМБЫЛҒА БЕРГЕН БАТАСЫ
О, Жамбыл, бата дедің, бердім саған,
Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман.
Батасын ат орнына берді ғой деп,
Қоймағын былай шығып кінә маған.
Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,
Тіліңнен балың тамсын сорғалаған.
Жапаға, риза болсын, айта барғын,
Осымен өкпелей жүрсін маған.

***
Ағайындар, туғандар,
Жүрген жерің Нұр болсын.
Тындағаның жыр болсын.
Жолымыз басқа болғанмен
Тілегіміз бір болсын.
Әуелі Алла оңдасын,
Оң жағынан толғасын,
Жан – жағынан қорғасын.
Бақ пен дәулет қатар кеп,
Мыңғырып өссін мал – басың.
Ұрпағымыз мол болсын,
Қайда барса жол болсын,
Қария мен қарт әже
Ақ тілегі оңболсын.
Жаппар ием, Құдірет,
Айтқан сөзім қабыл ет,
Қазынасы кең Құдайым,
Орындалар ақтілек, Ағайын,
бауыр, жақындар,
Сәл – сәл ғана сабыр ет.
Аллауакбар!


Сүйінбай ақын Жамбылға берілген батасы бата тілектер баталар жинағы

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау