Бұқар жыраудың Наурызбай батырға айтқаны | Qazbrand.info

БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ НАУРЫЗБАЙ БАТЫРҒА АЙТҚАНЫ
Ей, Наурызбай, Наурызбай!
Шапырашты Наурызбай!
Асылы едің асылдың,
Жасылы едің жасылдың.
Ей, Наурызбай, Наурызбай!
Жауға тиер беренім,
Миуа ағашта берегім,
Еңкерісген жау келсе,
Бетіме ұрар керегім.
Ағайын қызыл сөз айтса,
Өсекке тоспас құлағын,
Түк естісем кереңім.
Арандай ашып ауызын
Серен келсе сестеніп,
Аттана шабар еренім.
Өліспей тірі беріспес,
Артықша туған өренім.
Жау қыспаққа алғанда,
Қазақты қанға малғанда,
Өткел бермес тереңім!


Бұқар жырау Наурызбай батыр баталар жинағы бата тілектер

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау