Қарабидің Жәнібекке берген батасы | Qazbrand.info

ҚАРАБИДІҢ ЖӘНІБЕККЕ БЕРГЕН БАТАСЫ
Бедері жоқ қамқадан,
Берік тоқылған бөз артық.
Берекеті жоқ ағайыннан,
Берік сөйлескен жат артық.
Пайданы алыстан қылғайсың,
Залалды жақыннан қылғайсын.
Тышқан да інінің айналасына оттамайды,
Оны да есіңе алғайсың.
Қайтып кірер есікті,
Қатты серпіп жаппағайсың.
Қайтып көрер досыңа
Қайрылмастай сөз айтпағайсың.
Осыны есіңе ала жүрсең, ешкімнен
Кем де, қор да болмайсың.


Жәнібекке берген батасы баталар жинағы бата тілектер

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау