Көшке берілген бата | Qazbrand.info

КӨШКЕ БЕРІЛГЕН БАТА
Көштерің көлікті болсын,
Жолдарың көрікті болсын,
Қоныстарың құтты болсын,
Босағасы мықты болсын.
Ауру – сырқаудан аман болыңдар.
Бастарыңа айырылмас бақ қонсын,
Мейірбанды Алла сендерге жақ болсын!
Әумин!


Бата тілектер баталар жинағы көшке берілген бата

© Дереккөзі