Жолаушыға бата | Qazbrand.info

ЖОЛАУШЫҒА БАТА
Иә, Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың періштелер болсын.
Жер жүзіндегі қатерден
Жаппар Иеме тапсырдым!
Судан келер қатерден,
Сапардағы қатерден.
Жаратушы жан Ием,
Сақтай гөр, – деп тапсырдым!
Бір Аллаһ өзіңе тапсырдым!
Қайырлы дәулет берсін
Халыққа татулы өмір берсін!
Өткенге иман берсін,
Тіріге – береке берсін.
Жастарға ғұмыр берсін,
Халқымызға бірлік берсін!
Әумин, Аллауакбар!


Жолаушыға бата бата тілектер баталар жинағы

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: