А, Құдайым, оңдасын! Ахмет Байтұрсынов | Qazbrand.info

Ахмет Байтұрсыновтың батасы
А, Құдайым, оңдасын!
Оңдағанның белгісі:
Мың саулығың қоздасын!
Сексен інген боталап,
Сегіз келін қомдансын!
Тіленшінің биесін берсін!
Үйсін, Қоңырат түйесін берсін!
Біткен аруақтарға тие берсін!
Аллауакбар!

Құдайым жарылқасын, бай қылсын!
Төрт түлігін сай қылсын!
Кетпес дәулет берсін!
Мал – басыңа сәулет берсін!
Кең пейіл берсін!
Құрбандығың қабыл болсын!
Тілеген тілегіңді берсін!
Аллауакбар!

Асың, асың, асыңа!
Береке берсін басыңа!
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Сенен байлық өтпесін!
Тәңірі берген несібең
Тепкілесең кетпесін!
Желіңнің екі шетіне
Тай шаптырса жетпесін!
Кешке келіп жамырасқан,
Шуылдасып, маңырасқан,
Қошақанның енесі
Саулық бассын үйіңді!
Бақайлары сыртылдап,
Мүйіздері жылтылдап,
Бұзаулардың енесі
Сиыр бассын үйіңді!
Шудаларын шаң басқан,
Артқы өркешін қом басқан,
Ботақанның енесі
Інген бассын үйінді!
Шіңгір – шіңгір кісінескен,
Сүйінішпен иіскесең
Құлыншақтың енесі
Бие бассын үйіңді!
Аллауакбар!
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны


Баталар жинағы Ахмет Байтұрсынов Ахмет Байтұрсыновтың берген батасы Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері Ахмет Байтұрсынұлы Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері өлең өлеңдер Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау