Жас отауға бата | Qazbrand.info

ЖАС ОТАУҒА БАТА
Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін.
Берекелі отбасыңа
Сәбидің шатты үнін берсін,
Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын…
Дау – жанжалдан сақтасын,
Асып тасқаннан сақтасын…
Өмірлерің бал болсын,
Отауларын елге сән болсын!
Әумин!

***
Босағаларыңа жамандық жетпесін,
Төрлеріңнен жақсылық кетпесін.
Ұлдарың он шақты болсын,
Қыздарың моншақты болсын.
Бастарыңа бақ қонсын,
Жаратқан ием жақ болсын.
Ынтымақ серік болсын,
Шаңырақ берік болсын.
Несібесі иіп келсін,
Құт – берекесін үйіп берсін.
Дастарқаның кең болсын,
Байларменен тең болсын.
Ауылың мерекелі болсын,
Өмірің берекелі болсын.
Жолдарың ақ болсын,
Молшылықтап болсын.
Сән – сәулетің ассын,
Бақ – дәулетің тасысын!
Әумин!
***
Құдай қосқан қосағың,
Құтты болсын босағаң.
Қолға қонған құсыңды,
Тұғырлы қылсын Жасаған.
Үйленген мынау жастарға,
Болсын батам арнаған.
«Тәубе» дейік Аллаға,
Қабыл болмай мұндайда,
Ешбір тілек қалмаған.
Баянды болсын махаббат,
Екеуіңді таңдаған.
Жоламасын Әзәзіл,
Сан сезімді жалмаған.
Періштелер күзетсін,
Ақтөсекті ортада,
Екеуіңе арнаған.
Сенім оты сөнбесін,
Қос жүректі жалғаған.
Қабыл болсын тілектер,
Аруақтарын қолдаған.
Некелерің қиылсын,
Мешіттегі молдадан,
Қияметтік жар болу,
Бұйрықты болсын Алладан!
Әумин!


Жас отауға бата жастарға бата жас жұбайларға бата

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау