Сүндетке отырған балаға бата | Qazbrand.info

СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒАН БАЛАҒА БАТА
Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап,
Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап.
Қырық парыздың біреуі осы дейді,
Исламда атқарар міндетке арнап.
Айың жарық, күндерің ашық болсын,
Пәле-жала қырық кез қашық болсын.
Жүрегіне ізгілік нұр құйылып,
Өміріне жететін нәсіп болсын!
Ақ бата әрқашанда орындалған,
Ашық қылсын жар болып жолыңды Аллам
Ғайып Ерен, Қырық Шілтен қорғап жүрсін,
Азамат бол Қыдыр ата қолыңды алған.
Әумин!


Сүндетке отырған балаға бата бата тілектер жинағы

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау