Ұл балаға бата | Qazbrand.info

Ұл балаға бата
Бір үйдің баласы болма,
Бүкіл елдің санасы бол!
Бір елдің баласы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала!
Өзегің талса, ел ішін арала,
Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала!
Өзің – өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол!
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!
Әумин!


Ұл балаға бата бата тілектер жинағы бата тілектер топтамасы ұл балаға арналып берілетін бата

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау