Туған күнге арналған құттықтау тілектер | Qazbrand.info

Туған күнге арналған құттықтау тілектер

Бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленбеген бізге ғана ортақ мейрам болса да, әлемде осы күнге жетер тамаша күн жоқ. Себебі дәл осы күн – біздің әлем сенімен толыққан күн. Біз сені туған күніңмен құттықтап, зор денсаулық, сарқылмас бақыт тілейміз!

Туған күніңізбен! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын! Көңіліңіздің аспаны ешқашан түнермей, қақаған аяз жаныңызға батпасын! Кешегі батыл мақсаттарыңыз бүгінгі күн шындыққа айналсын!

Өмір үлкен өзен іспетті. Сіздің қиындықтардан жеңіл өтіп, махаббат иірімінде басқаруын жоғалтпай, бақыт сарқырамасына жетуін тілеймін!

Туған күн – ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өміріңнің жаңа бастамасы. Ондағы бар армандар – тілектерің орындалсын! Туған күніңмен құттықтаймын!

Сенің бойыңда көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық пен мейірімділік ерекше үйлесімділікпен тапқан. Көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа жетуіңе тілектеспін!

Тек қана туған күніңде емес, әр күн сайын мен саған шын жүректен әлемнің бар асылын, жақсылығын, қуанышын, байлығын тілеймін. Ақ қанат армандарың биікке самғап, өміріңнің көгінен орын ала берсін. Шынайы бақыт иесі болуыңа тілектеспін!

Туған күніңмен! Кеудеңдегі лүпілдеген жүрегің ақаусыз жұмыс жасап, жүз жаса! Өмірің ой – шұңқырсыз кең әрі тегіс болсын! Жолдың шұғыл бұрылыстарынан аман өтіп, өмірдің рөлін мықтап ұста! Өмір жолың сәтті, шаттыққа толы болсын!

Туған күніңізбен! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын!

Туған күніңмен! Саған туған күніңде жаңа әлемнің есігін айқара ашып, күлкіңмен бағындыруыңды тілеймін! Өміріңнің қыры қашан да жайқалып, гүлдей берсін!

Қуаныш пен шаттық, махаббат пен әсемдік, жеміс пен жеңіс тілеймін.

Еңбек жолыңа шалқар шабыт, тартулы табыстар тілеймін.

Бастарыңыздан бақ, дастархандарыңыздан береке кетпесін!

Шаңырағыңыздан шаттық, босағаңыздан қызық – қуаныш кетпесін!

Жүзің нұрлы болсын,
Жүрегің сырлы болсын,
Тілің жырлы болсын.

Өзіңе арманның аяулысын, бақыттың баяндысын, жолдардың сәттісін, махаббаттың тәттісін тілеймін

Көңiлiң ақ болсын.
Басыңа қонған бақ болсын.
Отырған орның тақ болсын.
Достарың саған жақ болсын.
Дұшпандарың жоқ болсын.
Жолдастарың көп болсын.
Ата – анаңның аяулысы,
Достарыңның қалаулысы,
Сүйгенiңнiң сүйiктiсi бол.
Әрқашан ашық жарқын, кешiрiмдi бол.
Езуiңнен күлкi кетпесiн.
ДЕНСАУЛЫҒЫң мықты болсын.
Бай қуатты бол.

Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел – жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде.

Себездеп алтын ара жан – жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.

Ізгі боп лебізіңді сағынатын,
Жігіт бол дос, дұшпаның табынатын.
Айналсын ар туына адалдығын,
Адам боп ұялатқан жанына күн.

Жүр асқақ күншілдердің басып мысын,
Жүректің түпкірінен жаһұт ұсын.
Таба біл тіршілікте керегіңді,
Басыңнан арылмасын бақыт құсың!

Көлдей көңіл тілеймін таусылмайтын,
өзендей өмір болсын сарқылмайтын.
Аспаның айлы түндей ашық болсын,
Дұшпаның бір өзіңнен қашық болсын.

Айта берсек тілек көп таусылмайтын,
Жаза берсек, қалам көп майыспайтын.
Жүректегі тілекті өлеңменен
Жеткіземін мен саған шын көңілмен!

Өмірде үш бақыт құсы бар: Көгершін, Қарлығаш, Аққу. Көгершіннің мейірімділігін, Қарлығаштың қайырымдылығын, Аққудың ақ махаббатын тілеймін.

Өмір – теңіз, жүзе біл, махаббат келсе күте біл.
Өмір – асқар асулар, тек сүрінбей өте біл.

Шаттыққа толы күндер,
Думанға толы кештер,
Ыстық құшаққа толы түндер тілеймін.

Арманың биік болсын,
Қиялың жүйрік болсын.

Қыстай қатты денсаулық,
көктемдей көңілді өмір,
жаздай ыстық махаббат,
күздей мол табыс тілеймін.

Арманың алдамасын,
Өмірің өкіндірмесін.
Махаббатың мұңайтпасын.

Жеңілі мен ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін
Өмір атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы бол!
Өмір қуанышын сыйлаған ата – анаң мен жанашыр бауырларыңның көз қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның қалаулысы бол!
Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт сыйласын!

Ана құшағындай жылулық,
Көктем гүліндей сұлулық,
Атар таңның шапағатын,
Қос аққудың махаббатын,
Аспандарың ашық болсын,
Әрбір басқан қадамың сәтті болсын!

Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің,
Бауырмал мінезің болсын!

Бүркіттің жүрегін, нағыз достың ниетін тілеймін.
Мәңгі бақи ажырамас шын ғашықтың білегін тілеймін.

Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, жүрегің жаздай жайнап, көңілің көктемдей жадырасын.

Күні кеше бесігіңді тербегем,
Қыранымсың көкке құлаш сермеген.
Өмір жасың ұзақ болсын, құлыным,
Қырсығынан сақта, құдай, көлденең.

Бәсеке өмір дегенің,
Алды бол сол бір жарыстың.
Мәреден сені көрейін,
Туын тік, балам, намыстың.

Жақсыға көңіл марқайған,
Жұлдызға қолың соз, балам.
Суырыла озғын ортаңнан,
Сөнбес отың маздаған.

Көгере берсін көсегең,
Жабысқын арман жалына.
Құлының жақсы десе мен,
Биіктей түсем тағы да.

Үмітім сенсің ертеңгі,
Сенімнің жықпа жалауын.
Өмірдің өзі өлшеулі,
Байқап біл бәрін, қарағым.

Толық нұсқасын жүктеу


Туған күніңмен туған күнге арналған тілектер туған күнге құттықтаулар

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: