Бата – тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата | Qazbrand.info

Бата – тілек: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата

Алтын тойға бата беру

Алтын тойдың дастарқаны,
Дастарқаны мол болсын.
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың.
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын.
Екеуіңнің кигенің,
Алтын жағалы тон болсын.

Немереңді өсіріп,
Шөбереңді жетектеп,
Шашқан Алла ырзығың,
Тере бергін етектеп,
Құт болып, мекен тұрағың,
Жайқала берсін құрағың,
Лайланбасын бұлағың.
Жарқырай берсін шырағың,
Жастарың жүзге жеткенше
Тарқамасын бір – біріңе құмарың.
Әумин.

Қабыл ғып Алла тілекті,
Қуанта берсін жүректі.
«Алтын тойым болғай» деп,
Тілеумен қанша күн өтті.
Тілекті Алла бергені,
Тойың өтіп дүбірлеп,
Осынша жанның келгені.
Бақытты жандар болыңдар,
Мерейі биік елдегі,
Аруақтар қолдасын,
Жамандық ешбір болмасын.
Дәулетің тасып бұдан да,
Тепсең кетпес басыңа,
Баянды бақыт орнасын.
Ұзақ болып жастарың,
Қызығын көріп балалардың,
Ашық болсын аспаның.
Әумин.

Күміс тойға бата

Құтты болсын күміс той,
Той дегенің ырыс қой.
Алтын жамбы берсем де,
Екеуіңе дұрыс қой.
Күміс тойдың аяғы,
Алтын тойға жалғассын.
Жарылқасын жандарың
Жүзіндей ақ алмастың.
Таси берсін дәулетің,
Жарасып сән – сәулетің.
Қара қауым ел болып,
Өсіп – өнсін әулетің.
Сыйлы болып бастарың,
Ажырамай жұптарың,
Жүзге жетсін жастарың.
Әумин.


Алтын тойға арналған бата күміс тойға бата беру тойға бата тілек бата тілектер тойды ашу бата

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау