40 жасқа тілек | Qazbrand.info

40 жасқа тілек – құттықтау
40 жасқа тілек
40 жасқа

Жылқыда да жылқы бар – (қазанаты бір бөлек»,
Жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек, деп – еліне елеулі, халқына қалаулы өзіңдей азаматқа арналып айтылса керек. Қырық жас мерейтойың құтты болсын!
Қырық жасқа толғаның –
Қырдан асып қалғаның.
Арманыңды жалға мың,
Бақ сыйласын алды күн.

Өмір мәнін шын ұқ та,
Қиялға өрле қырықта.
Өсиетін бабалар
Ешқашанда ұмытпа.

Қызығы көп қырықтың,
Өмір алға басты анық.
Гүлі жайнап үміттің,
Жүр әрдайым жас болып.

40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.

40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.

Ат жалын тартып қамал бұзатын 40 жасқа келген туған күніңіз құтты болсын!
Сіз талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып дараландыңыз.
Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел – қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз.
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, отбасыңыз берекелі, әр күніңіз мерекелі болсын!


40 жасқа тілек 40 жасқа тілек құттықтау қырық жасқа құттықтау тілек

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends:
Құттықтау