Қазақша бата – тілек: Келінге | Qazbrand.info

Ақылды енелі бол. Абысынға беделді бол. Қайын апаңа жағымды бол. Қайын жұртыңа жұғымды бол. Ардақты аталы бол. Оң ісіңмен баталы бол. Қайын ағаңа қадірлі бол. Ар ісінде сабырлы бол. Байыңа сүйікті бол. Ай, жылында жүкті бол. Қайын сіңліңе сырлас бол. Қайныңа құрдас бол. Малға барсаң көнекті бол. Суға барсаң шелекті бол. Ошаққа барсаң отынды бол. Бауға барсаң желекті бол. Кішіпейіл, сүйкімді бол. Өнерге икемді бол. Жұмысыңда епті бол. Шаңырағыңда көпті бол.

© Дереккөзі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: