Бата: Шерхан Мұртаза (Жаңа жыл) | Qazbrand.info

– Уа, жаратқан құдірет! Жаңа жылда барлық ауыртпалық, қыстамшылық- қиындық өткен жылмен кетіп, жаңа жылда елімізге, әр от басына тыныштық, бейбітшілік бере гөр!
– Қайран Қазақстанымызды бәле-жаладан, зіл-заладан, қайғы-қасіреттен сақтай гөр!
– Иә, құдай! Еліміздің тәуелсіздігі, еркіндігі баянды болып, халқымыздың бірлігі, татулығы, бауырмалдығы арта түссін, «еңбек – еш, тұз – сор» болғаннан сақтасын.
– Еңбекке ынта-жігер таси берсін!
– Жаратқан құдірет! Ел басшыларына ағыл-тегіл ақыл, имандылық пен рахым бергей!
– Әкімдеріміз нысапты, адал да әділ болсын, оларға биік өріс, нарықты парасат бере гөр!
– Елімізге молшылық, тойымдық, береке берсін.
– Жалқаулар, еріншектер мен араққұмарлар арамыздан арылсын.
– Намысты, батыр да батыл азаматтар ортамызда көп болсын.
– Елімізде әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүріміз өркен жая берсін!
– Халқымыз ізгілік нұрына бөленіп, отбасыларымыздың әрдайым береке арылмасын!

© Дереккөзі